Атырау, 25 қараша 05:27
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Компьютерді аңдудан қорғайтын бағдарлама шықты

1 865 просмотра

Жаңа технологиялар жасаумен айналысатын құқық қорғау ұйымдарының коалициясы интернет қолданушыларына компьютерлік жүйелеріне электрондық бақылау жасау бағдарламаларының еніп кеткенін анықтайтын Detekt атты бағдарлама жасап шығарды.

Бағдарламаны Amnesty International, Electronic Frontier Foundation, Privacy International және Digital Gesellschaft ұйымдары бірлесе жасаған.  

Amnesty international ұйымы өкілдерінің айтуынша, бағдарламаны тек құқық қорғаушылар мен журналистер ғана пайдалана алады. Ол өзінің электрондық бақылауға алынғанына күдіктенген кез-келген адамға берілмейді. Detekt бағдарламасын resistsurveillance.org сайтынан жүктеп алуға болады. Бағдарламаны жасағандардың айтуынша, стандартты антивирустық бағдарламалардың көпшілігі тыңшылық жасайтын қосымшаларды анықтай алмайды.

Amnesty International-дың мәлімдеуіне қарағанда, көп елдердің билігі веб камерадан видеожазба кадрын көшіріп алуға және микрофон арқылы тыңдауға мүмкіндік беретін аңдудың әбден жетілген әдіс-тәсілдерін қолданады. Detekt аңдуға арналған сегіз түрлі бағдарламаны анықтай алады.

Дереккөз: Азаттық радиосы

21 қараша 2014, 10:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.