Атырау, 13 мамыр 15:24
 ашықВ Атырау +23
$ 513.74
€ 569.17
₽ 6.33

Обама 5 млн мигрантты қабылдауға уәде берді

1 601 просмотра

АҚШ президенті Барак Обама 5 млн заңсыз мигрантқа уақытша құқықтық мәртебе беруге дайын екенін мәлім етті. 

 Ең алдымен, бұл АҚШ аумағында дүниеге келген балалардың ата-аналарына, сондай-ақ АҚШ-та бес жылдан аса тұрып жатқан мигранттарға қатысты болады, деп жазады ВВС.

Обама осы мәселеге қатысты жасаған телеүндеуінде АҚШ-та тұру құқығын алу үшін аталмыш азаматтар тиісті салықтық қарыздарын өтеп, сондай-ақ олардың түрлі қылмыстық оқиғаларға қатысы болмауы керек екенін ескертті.

«Алайда сіз қылмыскер болсаңыз, депортацияланасыз», - деп қосты президент.

Сондай-ақ ол иммигранттармен құрылған мемлекет өзге иммигранттарға да мүмкіндік беруі керек екенін алға тартты.

Қазірде АҚШ-та 12 млн-нан аса заңсыз мигранттар тұрып жатыр, олардың көбі Латын Америкасынан. Жыл сайын АҚШ шамамен 400 мың адамды еліне қайтарады.

Дереккөз: bnews.kz

21 қараша 2014, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.