Минск қаласында «Әлем аруы-2014» сұлулық байқауының жеңімпазы атанған Марина Алексейчикті Беларусь елінің өкілі деп атағанына таңдануда.
Бұл туралы елде ұлттық сұлулық байқауларын өткізіп, қатысушы бойжеткендерді халықаралық деңгейдегі байқауларға дайындап жүрген беларусьтік ОНТ арнасының баспасөз қызметкері Юлия Дубовская хабарлады. «Әдетте осындай байқаулардың ұйымдастырушылары бізге келіп, қатысушыны таныстыруға өтінішін береді. Бұл ұйымдастырушылар (Американың Мэриленнд штатында өткен байқауды) бізге мүлдем келген жоқ», - дейді Дубовская РИА Новости агенттігіне берген түсініктемесінде. Оның айтуынша, елдегі ұлттық байқаулардың ұйымдастырушылары Алексейчик туралы алғаш естіп отыр. «Біз бұл жеңімпазды танымаймыз. Осындай байқаудың тіпті өтетінін де білмедік», - деп атап өтті баспасөз хатшысы. Дубоская халықаралық байқауларда Беларусь атынан дәстүрлі түрде ұлттық сайыстардың жеңімпаздары шығатынын және ағымдағы жылы осындай байқауда («Беларусь аруы») Юлия Перегудова жеңімпаз атанғанын баяндады. Бұған дейін «Әлем аруы-2014» байқауының жеңімпазы Беларусьтің 31 жастағы өкілі Марина Алексейчик атанғаны туралы хабарлаған болатынбыз.
Дереккөз: 24.kz