Беларусь елінің өкілі Марина Алексейчик "Әлем ханымы-2014" тәжін жеңіп алды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Байқау АҚШ-тың Мэриленд штатында өтті. "Әлем ханымы-2014" байқауының 31 жастағы жеңімпазы төрт жыл бұрын тұрмысқа шыққан. Ол - тележүргізуші әрі әнші. Байқауға барлығы 35 елдің аруы қатысты. Айта кетейік, конкурсқа тек тұрмысқа шыққандар ғана қатыса алады. Одан бөлек, бұл байқауда қазылар алқасы баласы бар, қайырымдылықпен айналысатын қатысушыға айрықша құрмет көрсетеді. Байқаудың негізгі миссиясы - отбасы құндылығын, бейбітшіліктің, қайырымдылықтың және сұлулықтың идеалын насихаттау.
Байқау 1985 жылдан бері өткізіледі. Ол келесі жылы Қытайда өтеді. Айта кетейік, мұның алдында "Әлем ханымы-2015" байқауын Ресейдің Ялта қаласында өткізу мүмкіндігі талқыланып жатқан еді. Сонымен бірге, бұл байқауға 2013 жылы қатысқан қазақстандық қатысушының Қытайдың Гуаньчжоу қаласында өткен байқау ұйымдастырушыларын сынға алғаны хабарланды. "Конкурс төмен деңгдейде ұйымдастырылған, тапсырылған формуламен еш байланысты болмады. "Әлем ханымы" деңгейіне сәйкес болмады. (...) Менің айтып, көрсеткім келгеннің ешқайсысы да ұйымдастырушылардың ойымен үндеспейтінін байқадым. Мұның тек жеке бизнес екенін түсіндім. Бұл маған сәйкес келмейді, мұндай шараларға қатысудан бас тарттым", - деді БАҚ өкілдеріне Виктория Момынбаева.
Осыған дейін БАҚ-тарда "Әлем ханымы-2014" байқауында Санкт-Петербург қаласының 28 жастағы тұрғыны Юлия Ионина жеңіп шыққаны жайлы хабарланған еді. Кейін ол басқа конкурсқа қатысқанын және Mrs Queen Beauty World-2014 титулын алғанын айтып берді.
Дереккөз: tengrinews.kz