Атырау, 25 қараша 03:53
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Норвегияда әйелдердің де әскерге баратынын міндеттейтін заң шықты

1 812 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Норвегиялық парламент әскер қатарына шақырылу ер адамдар үшін ғана емес, әйелдерге де міндетті болатын заңды мақұлдады, деп хабарлайды fullpicture.ru.

Норвегия бейбіт уақытта осындай жаңалықты енгізген НАТО-ның бірінші мүше мемлекеті. Бұл ер мен әйелдің теңдігі принципін сақтау үшін жасалған қадам.

Норвегиялық саясаткерлердің пікірінше, құқықтар мен міндеттер барлығы үшін бірдей болуы тиіс. Ал әскер әйел не ер адам екеніне қарамастан үздік ресурстарға қол жеткізе алуы керек.

Бұдан былай 1997 жылы және одан кейін дүниеге келген қыздар 19 жасқа толғанда Норвегияның қарулы күштері қатарында қызмет етуге міндетті.

Осы уақытқа дейін норвегиялық қарулы күштері қатарына әскери қызметке әйелдер өз қалауымен қабылданып келген.

Елдің саясаткерлері норвегиялық әскердің «гендерлік қатынаста бейтарап» болуы тиіс деп санайды. Бұл жаңалық барлығына бірдей ұнаған жоқ, оның қарсыластары физикалық теңсіздікті өзгерту мүмкін емес деп санайды.

Әйелдер Норвегияның қарулы күштерінің барлық түрлерінде қызмет етеді.

Әйел адамдар 2016 жылдың ортасына дейін әскерге міндетті түрде шақырылатын болады, әскер қатарына 44 жасқа дейінгі әйелдер алынады.

Норвегиядағы нәзік жандылар 1976 жылдан бастап әскери қызметке өз еркімен атсалысып келген. 

Дереккөз: inform.kz

20 қараша 2014, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.