Атырау, 27 қараша 21:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

ТКШ бөлімінде құжат қабылдау басталды

3 679 просмотра

20 қарашадан 4 желтоқсанға дейінгі аралықта «Қалалық тұрғын үй-шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ (Стройконторада) коммуналдық баспана алуға кезекке тұрушылардан құжаттар қабылдайтын болады.

Мәселе мынада, Нұрсая ықшамауданында көппәтерлі 9 үйді пайдалануға беруге дайындауда. Оның 218 пәтері коммуналдық баспанада кезекке тұрғандарға, қалған 232 пәтер «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымшыларына бөлінеді.

Тұрғын үйді бөлу секторы бастығының міндетін атқарушы Марта НҰРҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, «Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңына сәйкес, қалалық әкімдікте коммуналдық баспана алуға кезекке тұрушылардың 5 тізімі жасалған: 1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектері, 2) жетім балалар, 3) халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері, 4) бюджеттік мекеме қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлер, 5) жалғыз баспаналары апатты деп танылған азаматтар.

Бұл жағдайда 2-ші, 3-ші және 4-ші топ өкілдерінен – коммуналдық баспана кезегіне тұрып қойғандардан құжаттарды қабылдау жүзеге асырылуда.

- Басты шарт: алушы мен оның отбасы мүшелерінің ҚР-да меншіктерінде баспаналары болмауы тиіс және олардың тарапынан соңғы бес жыл ішінде тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлату (баспаналарын меншіктерінен шығару) фактілері болмауы тиіс. Ата-аналарының жекешелендірілген пәтерінде үлесі бар азаматтардан құжаттар қабылданады. Пәтерді кезек орнына сәйкес қатаң түрде бөлумен қалалық әкімдіктің тұрғын үй комиссиясы айналысатын болады, - деп мәлімдеді М.Нұрғалиева.

«Тұрғындардың барлық санатына арналған баспана» бағыты бойынша «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасына қатысу үшін құжаттар тізімі мынадай: 1) бекітілген үлгідегі өтініш, 2) бағдарламаға қатысушы мен оның отбасы мүшелерінің жеке бас куәлігінің нотариалды расталған көшірмесі, 3) неке қию (бұзу) туралы куәліктің, жұбайының қайтыс болғаны туралы, балаларының туу туралы куәліктерінің нотариалды расталған көшірмелері, 4) бағдарламаға қатысушының және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жылжымайтын мүліктерінің немесе ҚР аумағында кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін баспаналарының бар немесе жоқ екендігі туралы №1 нысанды анықтама (жекешелендірілген баспанада бағдарламаға қатысушылардың үлесі болған жағдайда тұрғын жайдың құқық анықтаушы құжаты мен техникалық жоспарын ұсыну керек), 5) бағдарламаға қатысушыны және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерін мекен-жай бойынша тіркеу туралы мекен-жай анықтамасы, 6) еңбек ақы туралы жұмыс орнынан анықтама.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

20 қараша 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.