Атырау, 27 қараша 21:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Тұралап қалған тұрақ

2 617 просмотра

Доссор тұрғындарының өтінішімен және поселкелік әкімдіктің бастамасымен өз қаржысына жекеменшік тасымалдаушылар үшін автотұрақ салған  жеке кәсіпкер Қайдарбек ТАСИМОВ қызық жағдайға тап болды. Клиент жоқ.

Әлеуетті клиенттер - Мақат ауданы мен Атырау қаласына қатынайтын таксистер.    

- Біз көктемде әкімдікке орталық көшеде тәртіп орнату жөнінде арыз жаздық, - дейді Доссортұрғындары.- Өйткені, таксистер орталық көшеде стихиялық тұрақ жасап алды, сондықтан әртүрлі бағытта қозғалатын автокөліктердің жанымен өту қауіпсіз емес. Әкімдік арызымызды қарап, поселкеден автотұрақ салынды.

Жеке кәсіпкер Қ.Тасимовпоселкелік әкімдіктің бастамасымен 0,26 гектар алаңға автотұрақ салады, бірақ таксистер онда баруға асықпайды.   

- Мен олар автотұрақ үшін ақы төлеуден қашып отыр деп ойлаймын. Бірақ біз бағаны 200 теңгеден 100 теңгеге түсірдік. Ал, клиенттер сонда да жоқ, - дейді кәсіпкер Тасимов. – Таксистер клиенттердің автотұраққа бармайтынын, үйренген жерінен бірінші болып кезіккен көлікке мініп, жүре беретіндерін айтуда. Мен салық бөліміне, АІІБ-не, әкімдікке бардым. Бірақ олар түк шеше алмауда.

Қазір табыс туралы әңгіме айтудың өзі артық, өйткені, автотұрақ құрылысының шығынын жабу да мәселе болып отыр.

- Бүгінде Атырау және Мақатқа қарай жолға күніне 20 шақты жеңіл көлік пен Газельдер шығады. Ал, мереке күндері олардың саны екі есеге артады. Көліктердің көбі орталық көше бойында немесе «Қазмұнайгаз» жанармай бекетінің маңында тұрады. Ал егер бәрі бір жерге тұрақтаса, халық та арызданбас еді. Жаңа автотұрақ онша қашық емес, таксистер болса «ол жерге ешкім бармайды» деп отыр. Ал, түптеп келгенде тұрғындардың өздері ғой арнайы автотұрақ болса деп әкімдікке арызданған, -дейді Доссор поселкесінің әкімі Жарылқасын ИСМАГУЛОВ.

Мақат аудандық ІІБ бастығы Бекәділ ЖАЙКИН құқыққорғау органдарының да ешқандай шара қолдана ала алмайтынын айтып, шарасыздық танытып отыр. 

- Қазіргі таксистер шоғырланған жерде жаяу жүргінші жолының белгісі орнатылған. Мұнда осыған дейін жол-көлік апаты тіркелген жоқ, - дейді Б.Жайкин.– Бізде автокөлік иелеріне шағым келтіретін себеп жоқ. Біздердің, сондай-ақ, таксистерді жекеменшік автотұраққа зорлап көшіруге құқымыз да жоқ.

Салық комитетіндегілер барлық таксистердің патенттері барын және олардың да мораторийге байланысты тексеру жүргізе алмайтындарын айтуда.

Шынында да, бір түрлі қызық жағдай, келісесіз бе?

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

20 қараша 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.