Фото: telegraf.com.uaАлматы. 19 қараша. ҚазТАГ – Күрділердің өзін-өзі қорғау күштері «Ислам мемлекеті» (ИМ) содырларынан шам-түркия шекарасындағы Кобани қаласының басым бөлігін азат етті, деп мәлім етті өңірлік әкімшілік өкілі Идрис Наасан.
«Жасақ олардан муниципалитет жанында орналасқан алты ғимаратты азат етті. Көптеген қару-жарақ пен оқ-дәрі, оның ішінде граната атқыш пен оқсепкіш алынды, моджехедтер бақылауында қаланың 20%-нан аз бөлігі қалып отыр», - деп айтқан И. Наасанның сөзін ТАСС келтіреді.
Бұл ретте курділердің «Фират» ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, операция барысында 23 ислам содырлары, оның ішінде екі дала командирі өлтірілді. АҚШ авиациясы соңғы 48 сағатта осы ауданда ИМ бекінген жерлерге 11 рет аспаннан соққы берді.
Еске салсақ, Кобани мен оның айналасындағы ұрыстар 65 күндей созылып келеді. Жау шебінде өлтірілген және жарақаттанғандар саны 3 мың адамнан асады.
Дереккөз: ҚазТАГ