Колумбиялық Кали қаласының полициясы 11 жастағы оқушы қызды – ел тарихындағы ең жас есірткі тасымалдаушысын тұтқындады. The Sun Daily басылымы жазғандай, қаршадай қыз Еуропаға жалпы салмағы 500-600 грамм есірткі заты салынған 100-ден аса капсула өткізбек болған.
Қала полициясының басшысы Хувер Пенилланың айтуынша, өткен демалысын оқушы қыз әкесімен бірге өткізген, себебі оның ата-анасы ажырасқан екен. Үйіне қайта оралғаннан кейін ол өзін жайсыз сезініп, анасы қызын ауруханаға алып барады және сол жерде оған дереу операция жасалады.
«Оның асқазанынан есірткі заты салынған 104 капсула табылды. Қазір мектеп оқушысы хирургиялық бөлімшеде жатыр. Қазіргі уақытта капсулаларда қандай заңсыз заттар болғаны анықталуда», - дейді Панилла.
Сондай-ақ ол 11 жастағы қызды Колумбия полициясы анықтаған ең жас есірткі тасымалдаушы екенін де таңғалыспен жеткізді.
Құқық қорғау органдарының мамандары қыздың әкесіне іздеу жариялады. «Бұл істе ересектер кішкентай қызды қара ниетте пайдаланғаны анық», - дейді полиция басшысы.
Дереккөз: bnews.kz
19 қараша 2014, 10:12
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.