Атырау облысында осы жылдың соңғы 10 айында тыныс алу жолдарының асқынған вирустық инфекциясы және тұмаумен ауру 2013 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 2,5 есе артқан. Науқастардың 80%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар.
Бұл туралы бізгеоблыстық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Өмірзақ ЗИНУЛЛИН хабарлады. Үстіміздегі жылда 22 мың тұмауға қарсы вакцина сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 16 млн теңге қаржы бөлінді. Осы дәрі-дәрмектер зейнеткерлерге, созылмалы жүрек және өкпе ауруларымен ауыратын адамдарға, иммунитеті әлсіреген ересектер мен балаларға, медициналық қызметкерлерге, балалар үйінің шәкірттері мен жүкті әйелдерге тегін егіледі. Дегенмен, Ұ. Зинуллиннің айтуынша, Қазақстанның өзге өңірлерінде халықты тұмау инфекциясына қарсы вакцинациялау үшін бұдан да қомақты бюджет қаржысы бөлінеді.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ