ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (ТМРА) және ҚР бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті болып бірікті.
Комитеттің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы болып 1979 ж.т., бұрын Ақмола облысы бойынша ТМРА департаменті басшысының орынбасары болған Асылбек АЛАМАН тағайындалды.
Атырау облысы бойынша ТМРА департаменті басшысының орынтағы үстіміздегі жылдың маусымынан бері, Райхан МИЗАМҒАЛИЕВА өз қалауымен жұмыстан кеткеннен кейін босап тұрған.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ