Теңіз кенішіне арналған ірі габаритті (ені 10,5 метр, биіктігі 10,5 метр және салмағы 300 тонна) жүкті тасымалдау жалғасуда. Қазір алып Доссор поселкесінен 25 шақырым жердегі Бекбике поселкесінің маңында тұр.
Ертең, 14 қарашада оны Доссор-Құлсары жолының бойымен 47 шақырымдағы Бекбике-Комсомол учаскесінен тасымалдау басталады. Ал 16 қарашада Комсомол-Құлсары учаскесінде (25 шақырым), әрі қарай Құлсарыдан бұрынғы Сарықамыс поселкесіне дейін ескі айналма жол бойымен тасымалдау жалғасады.
Комсомол-Құлсары бағытында жүк тас жолдан айналып уақытша үйілген жол бойымен тасымалданатын болады. Алыптың ұзаққа созылған сапарының соңғы нүктесі 18 қарашаға жоспарланған. Сарықамыс-Теңіз учаскесін жүргізушілер қолданбайды, сондықтан одан еш кедергісіз өту жоспарланып отыр.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ