Атырау, 12 наурыз 14:08
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.39
€ 567.99
₽ 6.19

Атырауда қайырымдылық концерті өтті

3 917 рет қаралды

Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде Атырау қаласының балалар үйі және интернаттары шәкірттеріне арналған қайырымдылық концерті өтті.

Іс-шараның ұйымдасты-рушысы, Атыраудағы ТАК (тюнингтелген автокөліктер клубы) қоғамының негізін қалаушы Ильгар ГАМБАРОВТЫҢ айтуынша, концертке 300-ге жуық жетімдер мен ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар келген.

- Біз қаламыздың көптеген әншілері мен би ұжымдарын шақырдық, балаларды екі сағат болса да, қуантқымыз келді, - дейді И. Гамбаров. – Бір ерекшелігі, әртістердің барлығы да өз бағдарламаларын тегін ұсынуға келісім берді.

Концерттен кейін балаларға тәтті тағамдар мен ескерткіш сыйлықтар ұсынылды.

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген Максим Лобиков

13 қараша 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.