Атырау, 22 қараша 09:47
 ашықВ Атырау +6
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Музыкаға құмартқандар

2 429 просмотра

Қызылорда қаласында «Ән бізді біріктіреді» атты республикалық фестиваль өтті.  Оған мүмкіндігі шектеулі жастар қатысты.

Атырау облысының атынан Таня ЖАКУПОВАНЫҢ жетекшілігіндегі «Өмір гүлі» ансамблі мен «Жаса» ВИА-сы өнер көрсетті. «Өмір гүлі» ансамблінің мүшелері жеке орындауда да өнерлерін ортаға салды. Құралай Атолла «Астана» әнін шырқап, 2-орынға ие болды. Құралай - Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледждің І курс студенті. Ал, Маржан Артықова испан билін билеп, 3-орын иегері атанды. Ол тұтынушылар құқығын қорғау департаментінде жұмыс істейді.

Ал, «Жаса» ВИА-сы «Қуанышым менің» және «21 Ганс» әндерін орындап, І-дәрежелі дипломға ие болды. Ансамбльдің әрбір мүшесіне ұялы телефоннан сыйға тартты. Ал, ансамбль құрамында күйсандықта ойнайтын Ерлан Жұмабаев жеке орындаушы ретінде «Кім білген» әнін орындап, Гран-при жеңіп алды. Оған ноутбук сыйлады. 

Биыл «Өмір гүлі» ансамблінің құрылғанына 5 жыл толса, «Жаса» ансамбліне жыл толды.Т.Жакупованың айтуынша,қос шығармашылық ұжымның жастары музыкаға жаны жақын және өз орындау шеберліктерін шыңдауда еңбектеніп келеді. Жақын арада олар Атырауда үлкен есептік концерттерін  беруді жоспарлап отыр.

Айнұр САПАРОВА

13 қараша 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.