Атырау, 21 желтоқсан 14:53
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

2 144 просмотра

1-БЖСМ-нің екі шәкірті Орал қаласында әлем чемпионы А. Шайхиевті еске алуға арналған 1997-98 ж.т. жасөспірімдер арасында самбодан өткен халықаралық турнирде финалға дейін жетті.

Жарысқа Ресей, Армения, Өзбекстан және Қазақстанның 12 облысынан мықты спортшылар қатысты. Тартысты өткен турнирде Дәурен Болатбекұлы 70 келіге дейінгі салмақта «алтын» алса, 52 келіге дейінгі салмақта Қайырберді Айдынбай «күміс» жүлдегер атанды. Спортшыларды жаттықтырушылар К. Досқалиев, Б. Қошқаров, А. Жұмағалиев дайындады.

Суретте 1-БЖСМ жаттықтырушылары мен спортшылары:  К.Табынбаев,

Б.Қошқаров, К.Айдынбай, Д.Болатбекұлы, К.Досқалиев, А.Жұмағалиев және Е.Төлеген

***

 

1-БЖСМ шәкірті Айдын Тәжіғали еркін күрестен Шымкентте өткен ірі халықаралық турнирде қола жүлдегер атанды.

Генерал Сабыр Рахимовты еске алуға арналған жастар арасындағы турнирге Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей елдерінен және Қазақстанның барлық облыстарынан 500-ден аса спортшы жиналды. Жарыс өте тартысты өтті. Айдынның салмағында 75 палуан белдесті. Ол 6 белдесуде жеңіске жетіп, біреуінде ұтылып қалды. Нәтижесінде қола жүлдеге ие болды. Жарыс жолсапарларын Қайрат Оразбаев басқаратын облыстық күрес федерациясы қаржыландырды. Жүлдегерді облыстың аға жаттықтырушысы Асылан Жаманбаев дайындады.

***

 

«Атырау» ДСК-нде 2000-01 ж.т. ер балалар арасында Жеңістің 70-жылдығына арналған дзюдодан «Атырау қаласы әкімінің кубогы» ашық қалалық турнирі өтті.

Жарысқа Атырау қаласының 1-БЖСМ және 1-ОРМБЖСМ, сондай-ақ, аудандық командалармен қатар Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау және Қызылорда облыстарының спортшылары қатысты. Командалық есеп жарыстарда («топқа топ») екі атыраулық спорт мектебі Атырау қаласы құрамасына бірігіп, 1-орын алды. Жігіттер қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВТЫҢ қолынан 100 мың теңге ақшалай сыйлықты қуана қабылдады. 2-орын мен 60 мың теңге ақшалай сыйлықты Мақат ауданының командасы алса, 3-орын мен 40 мың теңге Оңтүстік Қазақстан облысы командасына бұйырды.

Жеке есепте жеңімпаз атанған атыраулық спортшылар: 38 келіге дейін – Дулат Аманқосов, 42 келіге дейін – Әділет Тынышқалиев (екеуі де Мақаттан), 46 келіге дейін – Ермек Амангелді, 50 келіге дейін – Жәнібек Тельманов, 55 келіге дейін – Дінмұхамед Шәменов (барлығы да 1-ОРМБЖСМ) және 66 келіге дейін Серікболсын Шынтасов (1-БЖСМ).

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

13 қараша 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.