Атырау, 18 мамыр 22:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Шекарашылар браконьерлерді құрықтауда

2 276 просмотра

Шекарашылар Жайық-Каспий балық қорларын қорғауға белсенді атсалысуда. Бірнеше фактілерді айтар болсақ, биылғы жылдың 20 қыркүйегінде Зарослый каналының маңынан ҰҚК Шекара қызметінің 2016-шы «Еуразия» әскери бөлімінің шекара заставасының жасағы ҚР азаматын ұстады. Оның қайығынан бекіре тұқымдас 199 келі балық пен 1,7 келі қара уылдырық табылды. ҚР ҚК-нің 287-бабы («Балық қорларын заңсыз аулау») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

10 қазанда «Еуразия» заставасының учаскесінде екі ҚР азаматы мінген «Жигули» көлігі ұсталды. Тексеру барысында жүксалғыштан 127,2 келі қызыл балық табылды. ҚР ҚК-нің 290-бабы бойынша («Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерімен заңсыз айналысу») қылмыстық іс қозғалды. 10 қазанда «Жанбай» заставасының учаскесінде 2016-шы әскери бөлімшесінің жедел тобы Каспий теңізінің жағасынан 134 келі қызыл балық табылған екі қайықты ұстады. ҚР ҚК-нің 290-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бірлескен күзгі жедел алдын алу шаралар барысында шекарашылар 524,7 келі бекіре тұқымдас балық пен 2,47 келі қара уылдырық тәркілеп алды.

Берік Мұхаметжанов,

2016-шы ә/б анықтау тобының бастығы

13 қараша 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.