Атырау, 18 мамыр 19:25
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Оқиғалар тізбесі

1 669 просмотра

Қарашаның 5-нде кешкісін 40 жастағы қала тұрғыны Атырау қалалық №1 полиция бөлімшесіне белгісіз біреулердің оның көзінше өзінің 19 жастағы қызын көлікке күштеп отырғызып, ғайып болғанын хабарлады. Жол-патрульдік қызметтің барлық қосындарына «Ұстап алу» жоспары жарияланды. Нәтижесінде сағат 22.30-да іздеу жарияланған «Приора» Атырау-Астрахан тас жолының бойындағы Манаш поселкесінің маңында тоқтатылды. Салон ішінде қызбен бірге Құрманғазы ауданының 19 жастағы тұрғыны, Атырау қаласының 25 және 28 жастағы тұрғындары отырған. Бәрі қалалық №1 полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қыз машинаға өз еркімен отырғанын, оның жігіті Құрманғазы ауданынан екенін, жігіттің үйіне үйлену үшін кетіп бара жатқандарын айтқан. Осыдан кейін жастар босатылды.

***

 

Полицияға Ганюшкин селосындағы орталық базарда сауда жасайтын алты жеке кәсіпкерден шағым түсті. Контейнерлерден бірнеше жұп аяқ киім, күртелер, шалбарлар жоғалған. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Атырауға Маңғыстау облысынан келген жеке кәсіпкер полицияғаАтырауға келе жатқан жолда өзін жеткізген «Лада Ларгус» көлігінің жүксалғышынан 1,5 млн теңге салынған портфелі жоғалғанын хабарлады. 40 жастағы такси жүргізушісінен жауап алынып, ол басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

 

Қарашаның 6-нда тал түсте Құлсары қаласының орталығында белгісіз ер адам күш қолданып, 36 жастағы жергілікті тұрғынның сөмкесін тартып алған. Полиция қызметкерлері 22 жастағы күдіктіні ұстады. Заттай айғақтарды рәсімдегеннен кейін ол басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

 

Қарашаның 6-ндахабар-ошарсыз кеткен 54 жастағы Ганюшкин селосы тұрғынының мүрдесі №8 разъезд маңындағы теміржол тармағынан табылды. Марқұмның денесі мүрдеханаға берілді, сараптама жүргізілуде.

***

 

Құрманғазы АІІБ қызметкерлері Орлы селосының маңындағы Шора өзенінің жағасынан «Тойота» көлігін ұстады. Одан 260 келі жаңадан ауланған бекіре еті мен 210 метр ау құралы табылды. 37 жастағы жүргізушіден жауап алынғаннан кейін ол басқа жаққа кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

 

Привокзальный тұрғыны мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алуға уәде беріп, 1 470 мың теңгесін алып, қайтармай отырған 47 жастағы алаяқтың құрбанына айналғанын полицияға мәлімдеді. Күдікті осындай қылмыстары үшін УГ157\1 колониясында жазасын өтеуде. Қылмыстық іс сотқа жеңілдетілген тәртіппен жіберілді.

***

 

Су полициясының қызметкерлері Атырау-Дамбы тас жолынан Атырау қаласының 46 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан«Приора» көлігін тоқтатты. Салоннан жаңадан ауланған 77 келі бекіре еті салынған қапшық табылды. Балық көліктің 45 жастағы жолаушысына тиесілі екен. Тергеу жүргізілуде.

***

 

Полицияға Атырау қаласының 19 жастағы тұрғыны хабарласты: тамыз айында 24 жастағы танысы пәтеріне жөндеу жүргізіп беремін деп уәде беріп, кепілақы ретінде 26 мың теңге алып, ғайып болған. Күдікті ұсталды. Қылмыстық іс қысқартылған тәртіпте сотқа берілді.

***

 

Облыс орталығының тұрғыны полицияға өткен жылы 34 жастағы әйелдің жеңілдікпен пайыздық мөлшерлеме бойынша 3 миллион теңге несие алуға көмектесемін деп уәде беріп, 350 мың теңгесін алып, жоғалып кеткендігі туралы шағымданды. Күдіктінің осындай қылмысы үшін 157/1 колониясында жазасын өтеп жатқандығы анықталды. Тексеру жүргізілуде.

***

 

Полицияға Мақат ауданының 46 жастағы тұрғыны - әйел адам шағымданды: тамыз айында Махамбет ауданының 35 жастағы тұрғыны – ер адам көлігі үшін қосалқы бөлшек алуға көмектесемін деп уәде беріп, одан 218 мың теңгесін алып, ғайып болған. Ер адамға іздеу жарияланды. 

***

 

Жилгордоктағы автобус аялдамасында белгісіз біреу 12 жасар баланың ұялы телефонын тартып алып, қашып кеткен. Тонау күдігі бойынша Атырау қаласының 20 жастағы тұрғыны ұсталды. Заттай айғақтар алынды.

13 қараша 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.