Атырау, 25 қараша 03:53
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Квентин Тарантино оныншы фильмінен соң кинодан кетеді

1 482 просмотра

Америкалық режисер Квентин Тарантино оныншы фильмі прокатқа шыққан соң кино түсіруді тоқтататын болды, - деп хабарлайды РИА Новости. Режиссер жаңа фильм күтіп отырған көрерменге қарамастан он фильм түсіріп, кетіп қалу идеясын "дұрыс естіледі" деп есептейді. 

Киноиндустриядан кеткен соң не істейтіні туралы сұрақ қойылғанда ол пьеса мен кітап жазатынын айтты. "Менің ойымша, сахнадан біреулер кетуіңді сұрамай тұрып кетіп қалу керек. Көрермендер көбірек қалап тұрған кезде кету идеясы маған ұнайды", - деп мәлімдеді режиссер. Ол, сонымен қатар, өз пікірінше, режиссура - жастардың ісі екенін айтты. "10 картиналық фильмография қалдырғаным өзіме ұнайды, қорымды әлі екеуі бар. Бұл әлі нақты емес, бірақ жоспарда бар", - деді Квентин Тарантино.

Ол осыған қарамастан, жаңа фильммен қайта оралуды қарастырып отыр. "Егер кейінірек жақсы бір идеяны кезіктірсем, оны бас тартамын деген соң ғана жасамай қоймаймын", - деді режиссер. Ақпан айында Квентин Тарантиноның "Гнусная восьмерка" (The Hateful Eight) жобасын дайындауға қайта оралатыны белгілі болды, ол сценарийді қайта жазып шығады.

Осыған дейін Квентин Тарантиноның "Азат етілген Джанго" фильмін сериалға айналдыратыны жайлы хабарланған болатын. Режиссердің айтуынша, өзінде фильмнің ешкім көрмеген 90 минуттық материалы қалыпты және одан төрт сағаттық сериялар жасау жоспарланған. Бұл телехикая АҚШ-тың кабельді телевизиясында көрсетіледі. "Адамдар төрт сағаттық фильм десе көзін ақшитады. Ал бір сағаттық төрт серияны олар жақсы көреді, барлық төрт сағаттық серияны өліп көреді. Менің ойымша, бұл осылай жүзеге асады", - деп мәлімдеді Тарантино. Сонымен қатар, оның рольге "Азат етілген Джанго" жұлдызы Кристоф Вальцты шақырғаны хабарланды.

Дереккөз: tengrinews.kz

11 қараша 2014, 17:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.