Өзбекстан президентінің үлкен қызы Гүлнар Каримоваға аса ауыр қылмысқа қатысы бар деген айып тағылды. Тергеушілердің айтуынша, ол 2011-2013 жылдарда шаруашылық қызмет саласында әртүрлі алаяқтықтар жасаған қылмыстық топтың мүшесі болған, деп хабарлайды Bnews.kz.
Жергілікті Fergananews.com сайтының хабарлауынша, бұл қылмыстық топ бопсалау, қорқыту және қолдан құжаттар жасау істерімен айналысып, мемлекетке аса ірі мөлшерде шығын келтірген.
Бас прокуратура қызметкерлерінің хабарлауынша, қылмыстық топқа мүше азаматтар шеніне, лауазымдарына қарамай, тиісті жазаларын алатын болды. Олардың арасында ел президентінің үлкен қызы Гүлнар Каримова да бар. Қылмыскерлер ақша жымқырудан бөлек, бірнеше адамды еріксіз түрде қамауда ұстаған. Осы оқиғаға байланысты тергеу жұмыстарымен айналысуды әскери сот өз қолына алды.
Дереккөз: bnews.kz
11 қараша 2014, 10:20
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.