Атырау, 21 маусым 18:08
 дождьВ Атырау +30.4
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64

Ақбөкен мүйізін заңсыз алып өтпек болды

8 393 рет қаралды

Көрнекі суретКөрнекі сурет7 қарашада желілік ІІБ қызметкерлері Атырау стансасынан «Атырау-Алматы» пойызындағы жолсеріктің қызметтік орынжайынан 164 дана ақбөкен мүйізі салынған үлкен жол сөмкесін тапты.

Жолсерік полицейлерге сөмкені алып өту үшін оған жергілікті теміржол кәсіпорнының бірінің қызметкері танысының – 34 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғынының өтініші бойынша табыс еткен екен.

ҚР ҚК-нің 290-бабы бойынша («Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiмен заңсыз іс-әрекеттер») қылмыстық іс қозғалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

10 қараша 2014, 17:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.