Атырау, 25 қараша 03:45
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Каталониялықтардың 80 пайызы тәуелсіздік үшін дауыс берді

2 060 просмотра

Заңды күші жоқ бейресми сауалнамаға қатысқан каталониялықтардың көбі аймақтың Испаниядан тәуелсіздік алуын қолдады, - деп хабарлайды BBC News

Бюллетеньдердің 88 пайызын есептеуден кейінгі мәліметке қарағанда, дауыс берушілердің 80 пайыздан астамы Каталонияның тәуелсіздігін қолдаған. РИА Новости-дің хабарлауынша, дауыс беруге сайлауға қатысуға құқы бар барлығы 5,4 каталониялықтың 2,25 миллионы қатысты. 

Каталониялықтарға екі сауал тасталды: "Каталонияның мемлекет болғанын қалайсыз ба?" және "Егер қаласаңыз Каталонияның тәуелсіз мемлекет болғанын қолдайсыз ба?". Дауыс берушілердің 80,72 пайызы екі сауалға да "иә" деген жауапты таңдаған. 10,11 пайызы бірінші сұраққа "иә", келесісіне "жоқ" деп жауап берген. Сауалнамаға қатысушылардың 4,5 пайызы екі сұраққа да "жоқ" деген жауап қайтарды.

Каталония жетекшісі Артур Мас символикалық референдумды зор табыс деп атады. Испания билігі болса, мұны нәтижесіз әрі пайдасыз сауалнама деп есептейді.

Дереккөз: tengrinews.kz

10 қараша 2014, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.