Атырау, 27 қараша 21:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Автоматика көп, дәрігерлер аз

1 768 просмотра

7 қарашада Атырау қаласының «103» жедел медициналық жәрдем стансасында журналистерге «АДИС» жүйесі (автоматтандырылған диспетчерлік ақпараттық қызметі) таныстырылды.

Бір қызығы, бұл жүйе қалалық стансада өткен жылдың жазында орнатылған. Алайда олар таныстыруға асықпапты, мұндай аппаратураның бүкіл 7 аудандық жедел жәрдем стансаларына орнатылуын күткен екен. Енді, міне, осы сәт туды. Жаңа технологияны орнатуға «Эксон Мобил» мұнай компаниясы демеушілік көрсеткен. Жүйе «103» қызметінің үш телефонының пультіне түскен азаматтардың қоңырауларын жазып алып, олардың қауырттық деңгейін жіктеп, медиктер бригадасына жолдайды. Осылайша, 2009-2010 жылдары орнатылған жаңа радиобайланыспен және JPS спутниктік навигация жүйесімен бірге «103» стансасының диспетчерлері жедел жәрдем көліктерін тиімді пайдаланудың барлық мүмкіндіктеріне қол жеткізген.

Медиктердің айтуынша, «АДИС» жүйесінің арқасында шақырту туралы мәліметтерді өңдеу уақыты 8-ден 1 минутқа дейін азайып, тиісінше соғылған қоңыраудан бастап шақырту орнына бригаданың жетуіне дейінгі уақыт аралығы қысқарған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ облыстық жедел медициналық жәрдем стансасын құру жоспарлары туралы хабарлады:

- Енді бізде заманауи байланыс және дичпетчерлендіру құралдары бар. Жақсы жолдар салынды. Көптеген ЖКО тіркелуде. Облыс орталығынан шығып, аудандарға көмек көрсететін боламыз...

Қалалық жедел жәрдем стансасы бас дәрігерінің орынбасары Әлия ҚУАНОВАНЫҢ айтуынша, Атырауда тәулігіне орташа алғанда 400-дей шақыртуға қызмет көрсетіледі екен. Жоғарғы медициналық білімі бар кадрлардың тапшылығы салдарынан 23 бригаданың ішінде бар болғаны екі дәрігерлік: педиатриялық және жансақтау бригадасы бар. Қалғандары фельдшерлік бригадалар. Машиналары бұзылып қалғандықтан оның бесеуі көліксіз қалған.

Біз облыстық денсаулық сақтаубасқармасының бастығынан жедел жәрдем көліктеріне қатысты проблеманың қашан жойылатынын сұраған едік. Ол 2015 жылы жетіспейтін бес машинаны сатып алу жоспарланғанын айтты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

7 қараша 2014, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.