Атырау, 5 желтоқсан 10:15
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Оқиғалар тізбегі

2 296 рет қаралды

28 қазанда таңертең су полициясы қызметкерлері Махамбет көшесі бойынан 51 жастағы Атырау тұрғыны жүргізген «Киа Рио» автокөлігін ұстады. Көлік салонынан бір келі қара уылдырық табылып, тәркіленді. Тергеуалды тексеру жүріп жатыр.

***

 

Полицияға 23 жастағы әйел хабарласты: 25 қазан күні таңғы сағат 4-терде оны «Ланд Круизер» автокөлігінің ішінде екі ер адам зорламақ болған. Күдіктілер ұсталып, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

***

 

Полицияға «Арын» құрылыс базарында сауда жасайтын екі сатушыдан шағым түсті: 20 қазанда дүңгіршектердің бірінен перфоратор мен электр бұрғы, келесіден «болгарка» арасы ұрланған. Күдікті ұсталып, ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылды.

6 қараша 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.