Атырау, 27 қараша 21:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Бюджет қалай жабылады?

1 581 просмотра

Қазақстандық ranking.kz мониторингтік агент-тігінің деректері бойынша, Атырау облысыжергілікті бюджеті кірістерінің төрттен үш бөлігі өңірдің өз салықтық түсімдері арқылы қамтамасыз етіледі.  

Облыстың жергілікті бюджетінің кірісі 2014 жылғы қаңтар-тамыз айлары арасындағы мерзімде 124 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16%-ға артық. Салықтық түсімдер 93,5 млрд теңгені құрады (10% артық). 2014 жылдың осы сегіз айында республикалық бюджеттен Атырау облысының жергілікті бюджетіне жасалған трансферттер өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бір жарым есеге – 28,8 млрд теңгеге артты. Жергілікті бюджет кірістері құрылымындағы республикалық трансферттердің үлесі 23,2%-ды құрайды және ел бойынша ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Жергілікті бюджет кірістері өңірдің бір тұрғынына шаққанда 216 мың теңгеден келеді, бұл да - ҚР бойынша ең жоғарғы көрсеткіш. Дегенмен, облысымыз бюджеттің кірістік бөлігінің абсолюттік сандары бойынша өңірлер «кестесінің» ортасында жүр (I орында - Алматы, II - ОҚО, III орында – Астана).

Тамара СУХОМЛИНОВА

«АЖ» АНЫҚТАМАСЫ:
Салықтық емес түсімдер
– бюджетке қайтарымсыз төленетін төлемдер (мысалы, айыппұлдар, мемлекеттік қызметтерге ақы төлеу), сондай-ақ, бюджетке қайтарымсыз берілетін қаржылар (трансферттерден бөлек).
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – бюджетке мемлекет мүлкін сатудан, мемлекеттік материалдық қор тауарларын сатудан, мемлекеттік меншіктегі жер телімдерін сатудан, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түскен түсімдер.

6 қараша 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.