- деп аталған «Фламинго» эстрадалық-би тобының есеп беру концерті М. Өтемісұлы атындағы драма театрында өтті.
Атырау облысының би ұжымдары ішінде үздік атану, халықаралық байқауларда жетістіктерге жету, көрермендердің көзайымына айналу үшін қаншама еңбек етіп, маңдай тер төгуді тек топ қатысушылары мен көркемдік жетекшісі Венера МАНАСОВА ғана білетін болар. Халықтың бұл ықыласын сол күні концертке кіру билеттерінің табылмағандығынан, барлық билеттер алдын ала сатып кетіп, театр іші лық толғанынан көруге болады. Топ өз концерті үшін жаңа бағдарлама дайындапты. Жоғары топ «Танго», «Канкан», «Қуыршақтар», латын, шығыс билерін, SuperSonic командасымен бірге би миксін көрсетті.
Ал бағдарламаны «Фламингоның» кіші топ құрамы ашты. Бір жыл бұрын ғана билеуді үйрене бастаған балалардың жеткен жетістіктерін тамашалап, риза боласың: олар өздерінің алғашқы есеп беру концерттеріне екі би дайындаған, ал осы бір жыл ішінде алты номер қойып үлгеріпті.
Қазір жас бишілер өздерін сахнада сенімді ұстап, бидің тек қозғалыс қана емес, көңіл-күй екенін де түсінген. Ал оның құбылмалы болатыны баршаға белгілі.
Венера Манасованың алғашқы ұстазы Светлана КАРАКУЛИНАҒА арнаған биі жоғалту және ғашықтық сезімдерімен әрленген екен. «Арнау» композициясын «Шарм» тобының бірінші құрамы - Татьяна РЕЧКИНА, Венера Манасова жәнеТатьяна КАНорындады.Қуаныш,Жан ауруы және Махаббат бейнелері арқылы қыздар өз ұстаздарының өмір тарихын керемет жеткізе білді және көрермендердің көзіне жас үйірді.
«Фламинго» тарихы жалғаса береді, бұл енді жай ғана топ емес, бүкіл елге әйгілі би мектебі. Бишілер өңірлік, республикалық және халықаралық би фестивальдеріне, қалада өтетін барлық қайырымдылық акциялары мен концерттеріне тұрақты қатысып тұрады. Бүгінде мұнда 100-ден аса әр түрлі жастағы бишілер бимен шұғылдануда, олардың 80-і – балалар.
«Фламинго» концертін облыстық филармонияның шекті аспаптар квартеті, Vegas style, саксафоншы Рафаэль, әнші Shine, жас скрипкашы Шынар НАҒИМОВА, «Фантазия» вокал тобының әншілері Гаухартас САҒИТОВА, Камилла СЫРЫМОВА және Арсен КАЙРАТОВ, SuperSonic брейк-командасы және концерт жүргізуші Юлия КУРМАКАЕВА сияқты Атыраудың басқа да әртістері мен ұжымдары қолпаштап, өз өнерлерін көрсетті.
Зульфия ИСКАЛИЕВА