Атырау, 18 желтоқсан 20:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.66
€ 550.21
₽ 5.09

Энергішілер де қосылды

2 415 просмотра

«Халықтық ІРО» бағдарламасына жаңа қатысушы – Қазақстанның біртұтас электр энергетикасы жүйесінің операторы «KEGOC» АҚ енді.

Естеріңізге салсақ, «Халықтық ІРО» екі жыл бұрын іске қосылған болатын. Оның шеңберінде қазақстандықтарға кәсіпорын акциялары, мемлекетке тиесілі толықтай немесе бақылау пакеттері ұсынылады. Осы күнге дейін бұл бағдарламаға бір компания – «ҚазТрансОйл» АҚ қатысқан еді.34 мың қазақстандық оның 35 млн қарапайым акциясының қожайынына айналды. Дивидендтер түрінде төленген кіріс орналастыру кезеңіндегі акция құнының 25 пайызына жетті.

Сауда-саттық кезінде «ҚазТрансОйл» АҚ акциясының бағасы өзгерді. Төменгі баға құны 759,96 теңге деңгейінде тіркелді, жоғарғы баға 1 281,86 теңгеге жетті.

«KEGOC» АҚ-ны сарапшылар жүйе құрушы компания ретінде есептейді. Олардың пікірінше, оған инвестиция салу анағұрлым тиімді болуы мүмкін. Қазіргі кезде KEGOC-тың бірден бір акционері «Самұрық-Қазына» қоры болып табылады. Компания активінде жоғарғы кернеулі (220 кВт және одан жоғары) 24,5 мың шақырымдық электр тарату желісі, ұлттық электр жүйесін құратын 77 қосалқы тірек стансалары бар.

Барлық әлеуетті инвесторларға қолжетімді болу үшін акция мөлшері, бағасы, шарттары туралы мағлұматтар акциялар сатылымға шыққан сәттен бастап – таяу уақытта ашық түрде жария етіледі.

Қазір KEGOC-тың 10%-1 акциялары қор нарығына шығарылатыны белгілі болды. Сарапшылар бір акцияның құны 600-800 теңге мөлшерінде болады деп болжап отыр.

«Клиенттердің уақытын үнемдеу мақсатында біз «KEGOC» АҚ акцияларын сатып алуға арналған брокерлік шотты пошта байланысы бөлімшелерінде күні бұрын ашуды ұсынамыз, өйткені брокерлік шотты ашу рәсімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес үш күнтізбелік күнге дейінгі уақытты алады», - делінген «Қазпошта» АҚ-ның таратылған баспасөз хабарламасында. 

Акцияларды сатып алуға брокерлік шот ашу және клиенттік тапсырыс беру үшін ҚР азаматының жеке куәлігі немесе төлқұжаты қажет.

«Халықтық ІРО» бағдарламасына әлеуетті қатысушыларға арналған ақпарат www.kazpost.kz және www.halyk-ipo.kz сайттарында ұсынылған. Өзіңізге қажетті сұрақтарды  8 800 070 15 70 қызу желі телефоны (қоңырау тегін) арқылы алуға болады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

5 қараша 2014, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.