Атырау, 25 қараша 03:33
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украина Ресейге газ қарызын төлей бастады

2 127 просмотра
краина билігі өткен аптада жасалған келісімге сәйкес, Ресейге газға қарызының алғашқы бөлігін төлей бастады. Украиналық «Нафтогаз» компаниясы ресейлік «Газпром» компаниясына 1,45 миллиард АҚШ доллары аударылғанын хабарлады.

Қазанның 30-ында Ресей, Украина және Еуропа Одағы арасында жасалған келісім бойынша, Киев 3,1 миллиард АҚШ доллары қарызын осы жылдың аяғына дейін екі бөліп төлейтін болған. «Газпром» Украинаға енді газды қарыздың алғашқы бөлігі төленген соң және алда алатын газы үшін 760 миллион АҚШ доллары көлемінде алдын-ала төлем жасағаннан кейін жіберуге уәде берген. «Нафтогаз» мәлімдемесінде алдағы уақытта сатып алатын газ үшін алдын-ала төлем жайлы айтылмаған.

Жыл басында Ресей Украинаға экспорттайтын газының бағасын қымбаттатқан еді. Ал маусым айында Украинаның 5,3 миллиард АҚШ доллары қарызы барын айтып, газ тасымалдауды тоқтатқан.

Дереккөз: Азаттық радиосы

5 қараша 2014, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.