мүмкіндік беріп отыр – осының өзі аурудан толық айықтыратын дәрі ойлап табуда жасалып отырған үлкен қадам деп санайды дәрігерлер. Осы дәріні қабылдаған әйелдердің өмірі орта есеппен екі айға артып отырған. Бойынан залалды қатерлі ісік анықталған әйелдердің кейбірі дәрінің арқасында бес айға артық өмір сүріпті.
Дәрігерлер осы қосымша уақытты дәстүрлі әдіспен ем жүргізуге пайдалануға болады деп отыр. Себебі, дертті жеңуде көп жағдайда уақыт тапшылығы кедергі болып жатады деген пікірімен бөлісті Ұлыбританиядағы Қатерлі ісікті зерттеу ақпараттық орталығының басшысы Мартин Ледвик.
«Бұл нәтижелер қатерлі ісігі дәстүрлі емдеу әдісіне дес бермей, аз уақыты қалған науқастар үшін үміт сыйлап, қосымша уақыт ұтуға мүмкіндік береді. Сүт безінің залалды қатерлі ісігін емдеу өте қиын. Сондықтан бұл зерттеу осы мәселені жеңуде үлкен мүмкіндік береді», - деп қосты ол.
Соңғы жүргізілген зерттеулер нәтижесі обырға шалдыққан адамдар өлімінің 90%-ы метастазалардың тез таралып, өзге ағзаларға шауып кетуінен болатынын көрсетті. Егер дерт метастазалар тарап кеткеннен кейін ғана анықталса, кейінгі он жылда аман қалу мүмкіндігіне кепіл жоқ.
Дереккөз: bnews.kz