Атырау, 16 сәуір 16:02
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 474.08
€ 558.28
₽ 6.26

Украинаның сыртқы істер министрлігі Ресейге нота жіберді

2 938 рет қаралды

сыртқы істер министрлігі, Донбастағы қаруланғандарды әскери қолдағаны үшін Ресей сыртқы істер министрлігіне нота жіберді, - деп хабарлайды  РИА Новости.

"Ресей Украинаға қаруланған, техникамен жабдықталған әскер жіберуін жалғастырып жатыр. Кеше Украина сыртқы істер министрлігі сыртқы саясатқа қатысты Ресей сыртқы істер министрлігіне нота жіберді", - деп мәлімдеді Украина сыртқы істер министрлігінің информсаясат департаментінің директоры Евгений Перебийнис.

Перебийнистің айтуынша, нотада Украина Ресейдің мұндай әрекеттері БҰҰ-ның халықаралық заңдық нормаларына қарама-қайшы екенін көрсеткен.

Айта кету керек, осыған дейін Ресей Украинаның оңтүстік-шығысында болып жатқан ішкі қақтығыстарға қатысы жоқ екенін бірнеше мәрте мәлімдеген. Бұған  қатысты Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаның оңтүстік-шығысындағы қаруланғандарға әскери техника, оқ-дәрі және басқа көмектерді жеткізбегендерін, осы арада Ресейді кінәлауға негіз жоқтығын айтқан болатын.

Дереккөз: tengrinews.kz

5 қараша 2014, 09:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.