3 қарашада Индер АІІБ-не Индербор аудан орталығындағы саябақ маңынан гранатаға ұқсас заттың табылғаны жөнінде хабарлама түсті.
Күмәнді затты саябақ маңында шөп шауып жүрген жергілікті тұрғын байқап қалған. ІІБ қызметкерлері мен ТЖ мамандары сол бойда айналаны қоршап тастады, Атыраудан арнайы саперлер шақыртылды. Олар оқу-жаттығу қол гранатасы екенін және қауіпсіз екенін анықтады. Алайда, оны саябақ маңына кімнің және қандай мақсатта тастағаны белгісіз болып қалып отыр.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА