Атырау, 25 қараша 04:06
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Венесуэла әскері әуе кеңістігін бұзған ұшақты атып түсірді

2 372 просмотра

Апуре штатында боливариян қарулы күштерінің жедел стратегиялық командованиесі жауынгерлері Венесуэланың әуе кеңістігін бұзған King 200 типті ұшағын атып түсірді. Экипаж тағдыры туралы әлі ештеңе белгісіз. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі микроблогында елдің қорғаныс министрі Владимир Падрино Лопес мәлімдеді.

Алынған мәлімет бойынша, бұл Венесуэлада әуе кеңістігін бұзғаны үшін атылған алғашқы ұшақ емес. Өткен жылы елде Венесуэла аумағының үстімен ұшатын есірткі мафиясының кез келген ұшағын атып түсіруге мүмкіндік беретін заңнамалық норма бекітілген болатын, деп хабарлайды RT.

Дереккөз: bnews.kz

 

4 қараша 2014, 09:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.