Атырау, 20 маусым 15:53
 ашықВ Атырау +23
$ 519.55
€ 596.03
₽ 6.63

Түркияда мигранттар мінген кеме суға батып, 24 адам ажал құшты

2 629 рет қаралды

Босфор бұғазының солтүстігінде заңсыз мигранттар мінген кеме суға батып кетті. Түркияның бұқаралық ақпарат құралдары таратқан мәліметке сүйенсек, құтқарушылар су астынан 24 адамның мәйітін алып шыққан, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Кеме бортында барлығы 40-тан астам мигрант болған. Қазіргі таңда жағалау күзеті мен жергілікті балықшылар құтқару операциясын жалғастыруда. Іздеу жұмыстарына тікұшақ та жұмылдырылған. Кеменің апатқа ұшырау себептері әзірге хабарланған жоқ.

Дереккөз: bnews.kz

3 қараша 2014, 17:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.