Қытайдың Гуандун провинциясында екі шенеунік мәйіт сатып алу үшін вандалдарға ақша бергендерін мойындады. Ондағы мақсат кремация туралы есепті «жалған мәліметтермен» толтыру болған.
Күдіктілер полицияға берген түсініктерінде түнде бейіттерді бүлдіріп кететіндерге 500 доллар көлемінде төлегендерін айтқан, деп жазады ВВС.
Қытай Халық Республикасы онсыз да шектеулі жерді бейіттерге емес, фермерлер мен шаруаларға үлестіру үшін кремация жасауды кеңінен насихаттауда. Алайда Қытайдың ауылды аймақтарында тұратын ырымшыл халық денесі бүтін жерленген адамның о дүниедегі өмірі жайлы болады дегенге сеніп, көп жағдайда кремацияға келісім бермей жатады.
Дереккөз: BNews.kz