Атырау, 18 мамыр 23:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атыраудағы қанды қылмыс

4 015 просмотра

Атырауда қысқа мерзім ішінде суық қару қолданылған екі қылмыс қатарынан орын алды.

Бірінші оқиға 30 қазанда Балықшы поселкесінің тұрғын үй массивінде болды. Үйге баса-көктеп кірген 23 жастағы қала тұрғыны дәлізде қожайын әйелге шабуыл жасады. Әйелді құлатып, пышақпен ұрғылай бастады. Шыңғырған дыбысқа тағы бір әйел жүгіріп жетті. Көп ойланбастан қылмыскер оған да тап берді. Содан кейін ер адам үйден ештеңе алмай, ғайып болды. Екі әйел де тірі қалды, рас, қазір ауыр қалде. Ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 96-бабының 2-тармағы («Екi немесе одан көп адамдарды өлтіруге әрекеттену») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қылмыс себебі туралы әзірге хабарланбайды.

Екіншісі 1 қарашада орын алды. 20 жастағы Қоңырат қаласының (Қарақалпақстан) тұрғыны жезөкше қызметін пайдаланған соң, әмиянының орнына пышағын шығарған. Құрбандығын қан жоса қылып қалдырып кеткен қылмыскер ұялы телефон мен 40 мың теңгені алып асығыс ізін суытқан. Ауыр жарақатына қарамастан, 30 жастағы әйел күшін жинап, полицияға хабарлаған.

Қылмыскер отанына қашуды жоспарлаған шығар деп болжаған полицейлер Маңғыстау облысындағы әріптестеріне ескертіп қойды. Ресей шекарасына да бағдарды жолдады. Қателеспепті. Атырау ҚІІБ бастығының міндетін атқарушы Марат ТАҒАНИЯЗОВТЫҢ айтуынша, ер адам жол бойында такси ауыстырып, ізін жасыруға тырысқан. Дегенмен де, санаулы сағаттарда қылмыскер қолға түсті. Заттай айғақтар, соның ішінде пышақ та алынды. Қазіргі уақытта ол Атырауға қайтарылып, қылмыстық іс қозғалды. Зардап шегуші тірі, ауруханада жатыр.

Анастасия ПАСТУХОВА

3 қараша 2014, 15:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.