Атырау, 27 қараша 19:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

№2 қалалық соттың бұрынғы хатшысы бір жыл шартты мерзім алды

2 572 просмотра

ЖКО орын алған жер. Сурет ЖКО орын алған жер. Сурет "АЖ" мұрағатынан.Бүгін, 3 қарашада №2 қалалық соттың судьясы Бақтыгүл ДҮЙСЕБАЛИЕВА биылғы жылдың 22 шілдесіне дейін осы сотта хатшы болып жұмыс істеген Алтынгүл МАЕВАҒА қатысты үкімді жария етті.

2 шілдеде 23 жастағы А. Маева «Шевроле Каптива» көлігін жүргізіп келе жатып, Махамбет – Сатыбалдиев қиылысында жол-көлік апатын жасап, соның салдарынан жаяу жүргінші өткелінен өтіп бара жатқан 45 жастағы әйел көз жұмған болатын («Кісі өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы»)

Облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВТІҢ айтуынша, сот А.Маеваны ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-тармағында («Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерiн бұзуы») қарастырылған қылмысты жасауда кінәлі деп танып, оған үш жыл сынақ мерзімімен бір жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Бұдан басқа, Маеваға үш жыл бойына көлік жүргізуге тыйым салынды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 қараша 2014, 13:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.