Атырау, 27 қараша 19:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қиыршық тастар «жауыны»

3 336 просмотра

Атырау-Орал тас жолында жиі жүргізілетін жөндеу жұмыстарының жол жабындысы сапасына оң әсер етіп отырғаны байқалмайды.

Әсіресе, Индерден Атырауға қарай созылып жатқан тас жол Индердегі карьерден топырақ таситын ауыр жүк көліктерінің кесірінен бүлініп отыр. 

Биыл Атырау-Орал тас жолының 60-120 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүрген. Бұл мақсатқа бюджеттен 348 млн теңге бөлінді. Мердігері - «БекетСәтЖол» ЖШС. Төселген асфальт сапасы қандайма бір стандарттарға сәйкес келсе де, өте төмен.

Атырау-Орал автомобиль жолы«ҚазАвтоЖол ҰК» АҚ-ның Атырау облысындағы филиалының теңгерімінде. Сол себепті біз бұл мекемеге ресми сауал жіберген болатынбыз.

Мекемефилиалы директо-рының орынбасары А. ДЮСЕНОВ жөндеу жұмыстарының техникалық байқаудың қада-ғалауымен атқарылғанын айтады.

-Жұмыс барысында соңғы шақырымдардың жол жабындысына беттік өңдеу қабатын салу кезінде, яғни, 4-ші жолағында қиыршық тастың нормаға сай ілініспеуі анықталды, - дейді А. Дюсенов. - Ұшқан уақ тастарды мердігер мекеме механикалық щеткамен сыпырып, тазартты.

Атқарылған жұмыстың кепілдік мерзімі - 24 ай.

Ал, көлік иелеріне заңгерлер көлікке келген шығынды өтеуді тас жолды теңгерімінде ұстап отырған мекемеден талап етуге кеңес беріп отыр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

30 қазан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.