Литваның Клайпеда портында сығымдалған табиғи газ сақтайтын "Тәуелсіздік" танкері суға түсірілді. Ұзындығы 300 метрлік танкер Литваның Ресей газына тәуелділігін азайтады деген мақсатпен жасалған.
Литва президенті Далья Грибаускайтенің мәлімдеуінше, Клайпедадағы сығымдалған газ сақтайтын жаңа терминалдың "Литва мен бүкіл Балтық бойы елдерінің энергетикалық қауіпсіздігі үшін маңызы жоғары" болмақ. "Бұл тек энергетикалық қана емес, геосаяси жоба әрі ол болашақтағы еркіндігіміздің кепілі" деді Грибаускайте.
Литва, Латвия және Эстония Ресейдің газ импортына толықтай тәуелді. Бұл елдер газды басқа жақтан тасымалдайтындай Еуропаның құбыр жүйесіне қосылмаған.
Литва билігі ресейлік "Газпром" компаниясын нарықтағы басымдығын пайдаланып, газды қымбатқа сатады деп айыптайды. "Газпром" оны жоққа шығарады.
Дереккөз: Азаттық радиосы