Атырау, 25 қараша 04:14
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Әлем елдері Украина сайлауын заңды деп таныды

1 705 просмотра

Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы мен ЕҚЫҰ бақылаушылары Украинадағы парламент сайлауын заңды өтті деп таныды. 27 қазанда Киевте баспасөз жиынында сөйлеген ЕҚЫҰ-ның арнайы үйлестірушісі Кен Харстедт "Сайлау бәсекелі түрде өтіп, барлық фундаменталдық құқықтар сақталды, дауыс беру мен оны санау шынайы жүрді, сайлау комиссиясының қызметкерлері бұрмалаушылық жасамады" деді.

АҚШ пен Еуропа Одағы да Украинадағы сайлауды заңды өтті деп таныды.

Еуропа комиссиясының басшысы Жозе Мануэль Баррозу мен Еуропа кеңесінің төрағасы Херман Ван Ромпей сайлаудан соң Украинада ұлттық бірлік пен келісімге қол жетіп, саяси және экономикалық реформалар күшейеді және Еуропамен тығыз ынтымақтастық орнайды деген үміт білдірді.

АҚШ президенті Барак Обама Вашингтон Украинаның территориялық тұтастығы мен егемендігін қолдап, елдің шығысындағы әскери қақтығыстардың бейбіт реттелуіне және Қырымның қайтарылуына ықпал ете беретінін мәлімдеді.

Ал Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеудің "көптеген заң бұзушылықтарға қарамастан" Украинадағы сайлау нәтижелерін заңды деп танитынын мәлімдеді. Лавров Мәскеу Украинаның жаңа үкіметі "конструктивті саясат жүргізеді және Ресеймен қақтығысты шиеленістірмейді" деген үмітте екенін білдірді.

Дереккөз: Азаттық радиосы

28 қазан 2014, 09:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.