Атырау, 25 қараша 03:27
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

«Севолдың» капитаны өлім жазасына кесілуі мүмкін

2 219 просмотра

Оңтүстік Кореяда айыптаушы тарап кем дегенде 294 адамның өмірін жалмаған «Севол» паромының апатына кінәлі деп танылған капитанын өлім жазасына кесуді талап етіп отыр.

 69 жастағы Ли Чжун Сок қылмыстық немқұрайлығының кесірінен абайсызда адам өлтірді деп айыпталуда. «Севол» командасының тағы үш мүшесіне қызметіне салғырт қарап, кеме жолаушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмады деген айып тағылды, деп жазады ВВС.

Прокуратураның айтуынша, қайық санының жеткілікті болғанына қарамастан капитан жолаушыларды кемеден кетпеулерін талап еткен. Және апат кезінде бірінші болып қашып кеткен.

Лидің бұған дейін сотта мәлім еткеніндей, сол сәтте оның ақыл-есі адасып, не істеп, не қойғанын дұрыс түсіне алмаған.

Естеріңізге сала кетейік, 16 сәуірде Оңтүстік Корея жағалауында бортында 476 жолаушысы (оның басым көпшілігі – оқушылар) болған «Севол» паромы апатқа ұшырап, су түбіне кеткен болатын.

Күні бүгінге дейін 10 адам із-түзсіз жоғалғандар қатарында. 

Дереккөз: bnews.kz

27 қазан 2014, 15:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.