Күрдтердің өзін-өзі қорғау күштері жексенбі күні Сирия-Түркия шекарасында Кобани қаласынан «Ислам мемлекеті» (ИМ) тобының содырларын қуып шықты.
«Аль-Маядин» телестансасының мәліметінше, кейін шегінген моджахедтер қазір қаладан 6 шақырым жерде. Олардың солтүстік атырапта бекініп, Кобаниді Түркия шекарасындағы бақылау-өткізу бекетінен айырып тастау әрекеттері жүзеге аспады, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.
Күрдтер сенбі күні содырларға қарсы шабуыл жасап, Телль-эш-Шаер, Бешта-эн-Нур және Эль-Изаа стратегиялық шыңдарында бақылау орнатты. Куәгерлер Кобаниден солтүстік-шығысқа қарай Сук-эль-Халь ауданында болған ұрыста 50-ден астам моджахед жараланып, қаза тапқанын айтуда. Олардың оны тұтқынға алынды.
Қала қоршауға алынған 40 күннің ішінде қос тараптан 800-ге жуық адам ажал құшқан.
ИМ тобы 481 содырынан айырылса, өзін-өзі қорғау күштері қатарында 313 күрд мерт болған. 200 мыңнан аса тұрғын үйлерін тастап, Түркия аумағына қарай қашуға мәжбүр болды.
Дереккөз: bnews.kz