Атырау, 25 қараша 03:45
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Украина орталық сайлау комитеті: Жоғарғы Рада сайланды деп саналады

1 984 просмотра

Жоғарғы Радаға сайлануы керек болған 450 депутаттың орнына 423 депутаттың сайлануы парламент легитимдігіне әсер етпейді. Бұл туралы Украина орталық сайлау комитеті төрағасының орынбасары Андрей Магера мәлімдеді, - деп хабарлайды УНИАН.

"Мен Қырымның 12 округы, Донецк облысының 9 округы, Луганский облысының 6 округы және Севастопольдің екі округынан, орталық сайлау комитеті қорытындыны алмайтын болса да бұл парламент құрамы легитимді емес дегенді білдірмейді. Мұндай қорытындыларды 27 халықтық мажоритар-депутат алмайды. Тура 20 жыл бұрын, 1994 жылы Жоғарғы Рада Конституция қабылдады, ал 1997 жылы Украина мен Ресей арасындағы үлкен келісімшартты бекіткен болатын. Сондықтан, Украина Жоғарғы Радасы сайланған болып саналады. Сайлау болды. Сегізінші жиналыс өз жұмысын күтіп тұр. Және бұл, меніңше, жақында болады", - деді Украина атқару комитетінің төраға орынбасары.

Украина орталық сайлау комитеті өкілі, сонымен бірге, шетелдік сайлау бөлімшесіне сайлаушылардың көп келетіндігін айтты. Магераның айтуынша, Испания, Италия және Польшада сайлауға көп адам қатысқан. "Ресейде 6 бөлімше ашылды. 50 мыңға жуық сайлаушының 765-і ғана сайлауға қатысты - 1,5 пайыз", - деді Украина сайлау комитетінің төраға орынбасары. Жалпы есеппен 198 округының 195 бір мандатты сайлау округының мәліметі бойынша, сайлауға қатысу көрсеткіші - 52,45 пайыз.

Айта кетейік, 26 қазанда Украинада кезектен тыс парламент сайлауы өтті. Exit poll мәліметі бойынша, Украина парламентіне 7 саяси партия өтті, оның ішінде "Петр Порошенко блогы" көш бастап тұр, ол дауыстың төрттен бір бөлігін алып тұр.

Дереккөз: tengrinews.kz

27 қазан 2014, 09:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.