Атырау, 27 қараша 19:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Нөмір деп осыны айт

3 405 просмотра

Атырау облыстық ІІД әкімшілік полиция басқармасы үлкен сұранысқа ие автокөлікті мемлекеттік тіркеу номерлерін сатуды бастады. Жаңалықтың алғашқы күні екі атыраулық хабарласқан: бір номер алынды, екіншісі ресімдеу кезеңінде.

Естеріңізге салсақ, Салық кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, сандық белгідегі 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 мемлекеттік номерлері қазір 253 724 теңге тұрады, ал 001 – 009 және 777 номерлері – 422 256 теңге.

- Бұл номерлердің бар екендігі жөнінде ақпарат тіркеу-емтихан тапсыру бөлімінің залында ілінген, - дейді әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Мырзалы ӨТЕҒАЛИЕВ. – Осындай номерлерді алу үшін тікелей біздің басқармамызға келіп, өз ниеттеріңіз туралы хабарлап, келісім алғаннан кейін мемлекеттік алымды төлейсіз және ресімдеудің стандартты рәсімінен өтесіз.

Ақысы төленген беделді номері бар көлік құралын сатқанда, көлік иесі оны жаңа сатып алған келесі көлігіне кері ресімдеуге құқылы. Ал көлікті осындай номерімен бірге сатуға тыйым салынады, нөмірді өз иесі, яғни, мемлекетке кері қайтару қажет. Алайда бұл жерде де заңды айналып өтер жолдар бар: сатып алушы мен сатушы сатып алу-сату шартының орнына сыйға тарту шартын жасайды. Бұл жағдайда автокөлік өзінің жаңа иесіне өзі ұнатқан номерімен кетеді. Айтпақшы, бұл тәртіп барлық басқа номерлерге қатысты көптен бері қолданылып келеді.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

24 қазан 2014, 16:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.