Атырау, 25 қараша 01:54
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Румын ханшайымы АҚШ-та қораз төбелестіргені үшін сотталды

4 365 просмотра

Румын королінің қуғында жүрген қызы мен оның күйеуі АҚШ-та қораз төбелесін ұйымдастырғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды РИА Новости. 61 жастағы Ирина Уокер мен оның күйеуі Джон Уокерге 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру және 200 мың доллар көлемінде айыппұл төлеу жазасы берілді.

Штат билігі румын ханшайымын өткен жылдың тамыз айында ұстады. Тергеу мәліметі бойынша, соңғы жарты жылда ол күйеуімен бірге Орегона штатындағы ранчосында қораз төбелесін кемінде 10 рет ұйымдастырған. Көрермендер төбелесті тамашалау үшін 10 доллардан төлепті. Ал өз қоразын төбелеске қатыстырғысы келгендер ұйымдастырушыларға 1000 долларға дейін ақша төлеген.

Төбелесті ұйымдастырғандар шараны жасырын камераға түсіріп алғандардың арқасында табылды. Сотталушылар тергеуге келісімін білдіріп, оларға тағылған қосымша айыптаулар алып тасталды. Уокерлер айыппұлды төлеу үшін жерінің көп бөлігін сатып жіберген.

Әтеш төбелестіргені үшін сотталған Ирина Уокер - румын королі Михай Біріншінің және оның жары Анна Бурбан-Пармскаяның қызы. Михай Бірінші екі рет корольдік таққа отырды, ал 1947 жылы коммунистік билік монархияны ығыстырғанда елден басқа мемлекетке көшіп кетуіне тура келді.

Дереккөз: tengrinews.kz

24 қазан 2014, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.