Атырау, 27 қараша 19:31
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Қырық мерген техколледжде жиналады

2 033 просмотра

24-25 қазанда сағат 10.00-де «Шалқыма» сауда үйі маңындағы Атырау мұнай және газ технологиялық колледжінде оқпен ату спорты бойынша облыстық чемпионат өтеді.

Спорттың осы түрінде ату пневматикалық, шағын және ірі калибрлі винтовкалар, сондай-ақ тапаншалар арқылы жүзеге асырылады, - деп түсіндірді алдағы сайыстың бапкері әрі қатысушысы Жексембай ШЕКТІБАЕВ.

Анықталғандай, біздің облыста осындай турнир алғаш рет өткізілмек екен, алайда ұйымдастырушылар оның қызықты болатындығына сенімді. Сондықтан барлық ниет білдірушілерді атқыш мергендер үшін жанкүйер болуға шақырады. Спортшылардың өздері – барлығы 40 адам облыс орталығына облысымыздың әр бұрышынан келеді. Көрермендер тек ерлер мен әйелдердің ғана емес, балалардың да командалық сайыстарын тамашалай алады. Сонымен қатар, сайыс барысында үздік танылған алты спортшы арасында қызу күрес болады деп күтілуде. Чемпионатқа жерлесіміз, президенттік көпсайыс бойынша облыстың аға бапкері Юрий ПУПЫКИНтөрелік етеді.

Анастасия ПАСТУХОВА

 

Анастасия ПАСТУХОВА

23 қазан 2014, 17:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.