Атырау, 25 қараша 01:26
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Рамзан Қадыров Интернетті өшіріп тастауды ұсынды

1 878 просмотра

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров «кез келген уахаббистің уағызын оп-оңай алып, тыңдауға» мүмкіндік беретін Интернетті сынға алып, жастарды дұрыс тәрбиелеуге кедергі келтіріп отырғаны үшін оны өшіріп тастауды ұсынды, деп хабарлайды ВВС.

 «Кезінде республикамызда Интернет болса екен деп армандаған едім, енді қазір өшіріп тастаса екен деп тілеймін. Әр үйде Интернет бар. Кез келген адам қандайда бір уахаббистің уағызын оп-оңай тауып, тыңдай алады. Тіпті, өзімнің үйімде де балам қандайда бір уағызға тап болуы мүмкін», - деген пікірімен бөлісті Қадыров.

Қадыровтың айтуынша, Интернетті өшіріп тастау «саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыда үлкен минус болғанымен, бір-бірімізді өлтіруді доғарар едік».

Ресейде Интернетке бақылау орнату тақырыбы соңғы уақытта бұқара ішінде үлкен талқыға түсуде.

Ресей билігі Интернетті бақылау мәселесін бірнеше мәрте көтеріп, бірақ оны ақылға қонымды амалмен жүзеге асыруға уәде етті. 

Дереккөз: bnews.kz

21 қазан 2014, 17:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.