Атырау, 19 қазан 18:38
 дождьВ Атырау +22.5
$ 452.12
€ 508.95
₽ 5.41

Бала ұрлаушы бейнекамера көмегімен ұсталды

3 154 рет қаралды

19 қазанда кешкісін ІІБ-нің кезекші бөліміне Атырау қаласының 29 жастағы тұрғыны хабарласты. Ол «Сары арқа» ықшамауданындағы үй ауласының ойын алаңынан азиаттық келбеттегі белгісіз қыздың бес жасар ұлын ұрлап кеткенін мәлімдеді.

– Шағымданушының айтуынша, белгісіз қыз оның баласын «Опель» машинасына отырғызып, белгісіз жаққа алып кеткен. Полицейлер сол мезет жедел іздестіру шараларын бастады, - дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА.

20 минуттан кейін жедел басқару орталығының қызметкерлері бақылау камераларынан Авангард, 2-ші ықшамауданнан күдікті көлікті байқаған. Сол жерге барған полиция қызметкерлері машина ішінен әйел мен іздестіріліп жатқан баланы тапқан. Ұрлаушы 22 жастағы Шымкент тұрғыны болып шықты. Бала ата-анасына қайтарылды. Қылмыс себебі анықталуда, қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешілуде.

Тамара СУХОМЛИНОВА

21 қазан 2014, 15:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.