Жыл басынан бері Кедендік бақылау департаменті Атырау облысына автокөлік құралдарын заңсыз кіргізу фактілерімен ҚР ҚК-нің 209-бабы («Экономикалық контрабанда») бойынша 7 қылмыстық іс қозғады.
Бұл фактілер Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы кеденшілерімен бірлесе жұмыс жасау барысында анықталды. Тексеру кезінде Кедендік одақ қатысушы елінен келген тауар ретінде өңірімізге әкелген машиналар Белоруссияда тіркелмеген болып шықты. КО аймағында кедендік ресімдеу де жасалмаған, яғни, автокөлік үшінші елдерден контрабандалық жолмен әкелініп, жалған КО тауары құжаттарымен сатылған.
- Кедендік одақ мүшелері елдерінен автокөлік сатып алғанда шанақтағы номері бойынша осы елдерде кедендік ресімдеу фактісін тексеру қажет. Мұны www.gtk.gov.by сайты арқылы жасауға болады, - деп түсіндірді департамент қызметкерлері.
Анастасия ПАСТУХОВА