Атырау, 25 қараша 01:24
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Конго түрмесінен барлық қылмыскерлер қашып кетті

1 932 просмотра

Конго Демократиялық Республикасының шығысында белгісіз адамдар түрмеге шабуыл жасап, ішіндегі 370 қылмыскерді босатып жіберді.

 Al Jazeera агенттігінің хабарлауынша, болжам бойынша, оқиғаға соңғы бірнеше аптадан бері Конго ауылдарына шабуылдап жүрген «Одақтас демократиялық күштер – Уганда ұлттық азат ету әскерінің» қатысы болуы мүмкін. Алайда жергілікті билік бұл нұсқаға сеніңкіремей отыр. Бутембо қаласының мэрі шабуылдаған адамдар қарапайым бандиттер деген ойда.

Бұған дейін хабарланғандай, Уганданың бүлікшілдері алты адамды отқа өртеу арқылы өлім жазасына кесіп, 40 әйел мен жеті баланы ұрлап кеткен.

КДР жерінде жағдай тұрақсыз. Қазір елде 18,5 мыңға жуық әскери қызметкер мен MONUSCO ұйымының 500 әскери бақылаушысы, сондай-ақ 1,5 мың полицей жүр. Бітімгерлер түрлі әскерилендірілген бүлікшіл топтармен күресуде, деп хабарлайды Росбалт. 

Дереккөз: bnews.kz

20 қазан 2014, 10:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.