Атырау, 27 қараша 18:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.55
€ 524.28
₽ 4.75

Атырауда ұмытшақ жолаушы үш рейсті кешіктірді

3 189 просмотра

Бүгін, 17 қазанда Атырау қаласының халықаралық әуежайында әлдебір жолаушының ерлер дәретханасында ұмыт қалдырған сөмкесі үш әуе рейсінің бірнеше сағатқа ұшуын кешіктіруге себеп болды.

«Bek Air» әуе компаниясының №2106 рейсінің жолаушысы Сауат ТАҒБЕРГЕНОВ әңгімелейді:

Мен әуежайға ұшуға бір сағат қалғанда, таңғы сағат 8-де келдім. Тіркеуден өтіп, отырғызу дәлізіне кірген кезде, бізге қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері келіп, бәрімізден шұғыл арада аэровокзал ғимаратынан шығуды өтінді. Саперлер келіп, ештеңе таппады. Біз әуежайда 6 сағат тұрып қалдық.

Біздің әңгімеміз сағат төрттерде орын алған еді, ал жарты сағаттан кейін оның ұшағы ұшып кетті.

Атырау облыстық көлік прокуроры Болат ХАЛЫҚОВаэровокзал ғимаратында әлдекімнің сөмкесін ұмыт қалдыруы себепті рейстердің кешеуілдегенін растады.

Барлығы үш рейс кешіктірілді – Bek Air әуе компаниясының №2106 Атырау – Алматы рейсі, Bek Air компаниясының №2104 Атырау – Астана рейсі және «Эйр Астана» компаниясының №869 Атырау – Стамбул рейсі.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

17 қазан 2014, 17:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.