Атырау, 3 қазан 07:41
 бұлттыВ Атырау +23
$ 483.23
€ 534.74
₽ 5.12

БАҚ: Жоғалып кеткен голливудтық актриса Мисти Апхэмнің мәйіті табылды

2 147 просмотра

Бейсенбіде Вашингтон штатында жоғалып кеткен голливудтық актриса  Мисти Апхэмнің мәйіті табылды. Бұл туралы US Weekly басылымы хабарлады.

Құқық қорғау органдарының деректері бойынша әйелдің сөмкесінен Апхем  есіміне тиесілі  құжат  табылған.

Соңғы рет  "Август"  фильмі (August: Osage County, 2013) жұлдызын  5 қазанда көрген. Туыстары мен таныстары оны бір апта бойы іздеп, еш хабар болмаған соң 32 жастағы Мистидің әкесі   полиция көмегіне жүгінген.

  Трейси Леттс пьесасы бойынша қойылған «Август» лентасында  Апхэм қызметші рөлін сомдады. Ол   "Мұз қатқан өзен" (Frozen River, 2008)   және "Азат етілген Джанго" (Django Unchained, 2012) картиналарында ойнаған рөлдері арқылы да кеңінен танымал болды.

  Апхэмнің әкесі соңғы уақытта оның көңіл-күйі болмағанын, түсініксіз әңгімелер айтқанын байқаған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

17 қазан 2014, 16:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.